Беларусьте жексенбі күні 380-нен астам адам ұсталды

/image/2020/11/30/crop-99_223_585x1040_____36190_1300x820.jpg

Беларусьте жексенбі күні Александр Лукашенко режиміне қарсы рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтті. Бұл туралы ria.ru хабарлады. 

Өткен жексенбіде (29 қарашада) Минск пен Беларусьтің өзге қалаларында әдеттегідей наразылық акциясы өтті. Қалалық ішкі істер басқармасы демонстранттардың көшеге "тіркелмеген символика және плакат" ұстап шыққанын айтып, жол қозғалысына кедергі келтіргенін алға тартқан. 

"Весна" құқық қорғау орталығының мәліметінше, наразылық шеруге шыққан 384 адам ұсталды.  Минск полициясы  жексенбіде 250-ге жуық адам рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқаны үшін ұсталғанын хабарлады. 

Жексенбі таңертең Минскіде билік қала орталығындағы оннан астам метро станциясын жауып, мобильді интернетті өшірген.

Беларусь оппозициясы дәстүрлі түрде жексенбіде Минскіде шеру форматында наразылық акцияларын өткізеді. Бұл жолы Минскіде оппозиция жақтастары қаланың әртүрлі аудандарында жергілікті митингтерге колонна болып жиналды, қауіпсіздік күштері оларға кедергі келтіріп, адамдарды ұстап әкетіп отырған. 

9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін Александр Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті, ол ОСК мәліметтері бойынша 80,1% дауысқа ие болған. Сайлау нәтижесімен келіспеген оппозиция содан бері тұрақты түрде жаппай наразылық акцияларын өткізіп келеді. Оппозиция Светлана Тихановская жеңді деп санайды. Наразылық білдірушілерге қарсы әрекеттерді тарату кезінде қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ, су атқыш, гранаталар, резеңке оқтар қолданды. Наразылық акциясы әлі жалғасуда. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар