Алматы облысында әйелдер балаларын айырбастап алған

/uploads/thumbnail/20170708193305600_small.jpg

Алматы облысында перзентханада жатқан екі әйел жаңа туған нәрестелерін айыбастып алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға куәгері болған дәрігердің айтуыша, Қарақалпақстаннан келген әйел мен Алматы облысының тұрғыны перзентхана палатасында жақсы тіл табысып кеткен.  Оралман әйелдің осыған дейін дүниеге әкелген 4 ұлы бар екен, бесіншісі де ұл болып туылған. Ал алматылық әйелдің керісінше, 5 қызы болған, алтыншысы да қыз болып туылған. Екі әйел де жасы келгендіктен, ендігі жерде босана алмайтындықтарын жақсы түсінген.Кейін олар өз нәрестелерін айырбастап алуға келіскен.

Алайда, олардың өтіріктері нәрестеге құжат алу барысында ашылып қалған. Нәрестенің дүниеге келген сәтіндегі мәліметтерде көрсетілгенмен балалардың жынысы сәйкес келмегендіктен, олар құжат беруден бас тартқан.

Алғашында күдікті ретінде дәрігерлер жауапқа тартылғанымен, кейін «әйелдердің өзара келісімі бойынша бұл қадамның жасалғаны анықталған.

Арада 9 айдан кейін сот шешімін шығарар кезде отбасылар сот төрағасынан бәрін осылай қалдыруды сұраған. Оның үстіне олар нәрестелерге бауыр басып қалған.

Өз кезегінде сот төрағасы да,  ата-аналардың бұл талаптарымен келіскен.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар