Тайвань Қытайдың әскери күшімен күресу үшін сегіз шабуыл сүңгуір кемесін жасуда. Бұл туралы Forbes басылымы хабарлады.
Супер державаның әскери күшіне жауап ретінде Тайвань сегіз жаңа шабуыл сүңгуір кемесін дайындауды бастады.
Жауынгерлік сүңгуір кемелер Тайвань әскери күштерін үлкен серпін бермек және 2024 жылдың соңынан бастап әскери операцияға кіріседі. Тайваньда 1980 жылы Нидерландыдан сатып алынған төрт сүңгуір кеме бар, ал екеуі АҚШ-тан шыққан.
Ал, Қытай әлемдегі ең ірі теңіз флотына ие, 300-ден астам әскери кемелері мен сүңгуір қайықтары бар. Бейжіңнің жоспарлары бойынша, 2030 жылға қарай өз флотын 550-ден асыра алады.
Массачусетс технологиялық институтының маманы Оуэн Кот Forbes журналына Тайваньдықтардың бұғазда қытайлықтардан артықшылығы болуы мүмкін екенін айтты.
Кот мырза "Бұғазының таяз, қарбалас су жолдары (Тайваньға) су асты кемелеріне әуе және жер үсті күштерінен артықшылық береді" деді.
Айта кетейік, Қытай мен Тайвань 1940 жылдары азаматтық соғыс кезінде екіге бөлінген.
Пікір қалдыру