Жоғары оқу орындарында жемқорлық фактілері болмауы қажет. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты.
– Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу керек. Бұл мәселені түбегейлі жоюға болады. Біраз университет оны бүгін жойды деп айта аламыз. Кей университеттер бұл мәселеден мүлде аулақ жүр. Сондықтан университеттің басшысы қаласа мұндай проблеманы жоюға болады, – деді Аймағамбетов.
Оның сөзінше жемқорлықты жою ЖОО-дағы қабылданған саясатқа тікелей байланысты.
– Егер кейбір университет бұл мәселені жойса, бұл іс басқа университеттердің қолынан келмесе, онда сұрақ пайда болады. Неге біреудің қолынан келеді, басқасының қолынан келмейді? Осы фактілер бойынша лицензияны тоқтатуға ұсыныс болды. Жемқорлық қайталанған жағдайда тиісті бағыт бойынша лицензияны қайтаруға дейінгі норманы зерттеу керек. Егер заң жүзінде орындалатын, зерттеу бойынша дұрыс шешім болатын болса, біз мұндай норманы қабылдауға дайынбыз. Өйткені қазір жемқорлықты ЖОО-да жою керек деп айтқаныма қанша уақыт болды. Бірақ проблема әлі де бар. Оны түбегейлі шешуіміз керек. Жемқорлық бойынша ЖОО-ны анықталса, лицензиядан айырамыз. Қажет болса мұндай шешімді қабылдауға дайынбыз. Бұл өте маңызды мәселе, – деп атап өтті министр.
Пікір қалдыру