Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Британия азаматы Мохаммед Баракатты 20 жылға соттады. Ол Алматыдағы InterContinental қонақ үйінде 1 жасар баланы өлтірді деп айыпталды, деп хабарлады The Sun.
Қонақ үйдің камерасына 23 жастағы Мадина қызы Софияны көтеріп бара жатқаны түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, Софияның денесі көгерген. Әрі демалмаған. Софияның анасы қонақ үй әкімшілігінен көмек сұраған. Қызметкерлер жедел жәрдем шақырды. Алайда баланы аман алып қалу мүмкіндік болмады.
InterContinental қызметкерлері Мадина қыздың өліміне 41 жастағы күйеуі Мохаммад Баракатты айыптағанын айтады. Мадина "Ол менің қызымды өлтірді. Ол оны ұрды" деп бірнеше рет айқайлаған.
Мохаммед Баракат кінәсін мойындамады. Айтуынша, ол қояншық ауруымен ауырады. Қызы София Мохаммад ауру ұстағанда қайтыс болған. Ол ештеңе есінде жоқ екенін айтады.
Мохаммед Баракат Малайзияның AirAsia әуе компаниясында ұшқыш ретінде жұмыс істеген. Оның мұндай диагнозбен қалай жұмыс істегені түсініксіз.
Пікір қалдыру