Алматы облысы Қайнар ауылының еріктілері 15 отбасыға азық-түлік таратты

/image/2020/12/22/crop-49_211_627x1114_whatsapp-image-2020-09-30-at-16.15.19.jpeg

Алматы облысы Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің ерікті жастары әлеуметтің әлеуетін арттыруға өзіндік үлес қосуда. Олар жағдайы төмен 15 отбасыға азық-түлік себеттерін табыстаған. Бұл туралы «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-маслихатына Қайнар ауылдық округінің әкімі Манатбек Рысбеков мәлім етті.

Қайнар ауылында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 6445 гектар жер бар болса, оның ішінде суармалы егістік жер 2587 гектар, шабындық жер 669 гектар, жайылымдылық жер 3094 гектар, басқа жерлер 98 гектарды құраған.

Ал, мал шаруашылығы саласы бойынша барлық ірі-қара (бұқа) 1156 бас, сиыр (аналық) 352 бас, қой-ешкі 2846 бас, аналықтары 1284 бас, жылқы 409 бас, 119 (аналық) бас болса, құстар саны 575-ке жеткен.

Білім беру саласы бойынша Қайнар ауылдық округінде шағын орта мектебі жұмыс істеуде. Жалпы, оқушылар саны 156 болса, мектепалды даярлық сыныбында 17 оқушы, 25 бала білім алуда.  Денсаулық саласы бойынша мамандар еңбек етуде.

Ауылдың көркін кіргізу мақсатында аббаттандыру жұмысы да жолға қойылған. Ауыл ішінде арықтарды тазалау сондай-ақ, негізгі тоғанды тереңдетіп қаздыру жұмыстары жүргізілген. Көктемгі абаттандыру барысында 24 түп қарағай және 17 түп арша ағаштары отырғызылған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар