Эпидемиологиялық ахуал бойынша Қазақстан орташа қауіпті аймаққа ауысты

/image/2020/12/28/crop-68_0_571x762_0000000.jpg

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шорановтың брифингі өтті, ол республикадағы эпидемиологиялық жағдай туралы есеп беріп, 2020 жылға алдын ала қорытынды жасады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тырысқақ, оба, ішсүзегі, паратиф, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, безгек аурулары тіркелген жоқ. Жалпы, инфекцияға шалдыққандар саны төмендеген.

Өткен жылмен салыстырғанда 52 инфекция бойынша ауру деңгейі азайғаны байқалады, оның ішінде қызылша ауруы 3,7 есеге, сальмонеллез 2 есеге, менингококк инфекциясы 1,8 есеге, созылмалы вирустық гепатиттер 42%, туберкулез 22%, жіті вирустық гепатиттер 9,3% төмендеді.

«Жыл бойы пандемияға қарамастан, біз тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау жүргіздік. Мониторинг қорытындысы бойынша түрлі тауардың 28 000 үлгісі бақылауға алынды, оның 15%  техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді (4175 үлгі)», - деді М.Шоранов.

Құсетінде – 13,2%, етөнімдерінде – 12,4%, сүт өнімдерінде – 12%, кондитерлік өнімдерде – 11,8%, балық өнімдерінде – 11,1% және басқа тамақ өнімдерінде – 39,5% кемшілік анықталды.

Анықталған фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясына қатысты жағдайы бүкіл әлемде қолайсыз болып тұр. Әлемнің 218 елінде 81 млн КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 1 млн 700 адам қайтыс болды, бұл 2,2% құрайды.

Бүгінде Қазақстан Республикасында 152 460 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 442 адамға КВИ- диагнозы қойылды. Сауыққандар саны  87% дейін өсті, ал маусым-шілде айларында бұл көрсеткіш 60% аспайтын.

Дегенмен, елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. 28 желтоқсанда республикамыз қауіпі төмен – жасыл аймақтан орташа қауіпті – сары аймаққа ауысты. Жоғары қауіпті аймақта немесе қызыл аймақта Атырау облысы қалды және Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары осы аймаққа ауысты. Сары аймақта немесе орташа қауіпті аймақта - 3 өңір: Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары қалды.

«Коронавирус инфекциясы пандемиясы басталған сәттен бастап COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу 2020 жылғы сәуірден басталды және 19 зертханада тәулігіне жалпы қуаты 6000 тест жасады, ал қазір КВИ диагностикалайтын 132 зертхана тәулігіне жалпы қуаты 100 мың зерттеу жасайды және биологиялық материал алатын 48 пункт бар. Бүгінгі таңда 5 млн астам зерттеу жүргізілді, күн сайын зертханалар 40 мыңға дейін тест жасайды», – деді М.Шоранов.

Коронавирус инфекциясы пандемиясы басталған сәттен  COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу 2020 жылғы сәуірден басталды және 19 зертханада тәулігіне жалпы қуаты 6000 тест жасады, ал қазір КВИ диагностикалайтын 132 зертхана тәулігіне жалпы қуаты 100 мың зерттеу жасайды және биологиялық материал алатын 48 пункт бар.

«Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 60 мың зерттеуге жетті, бұл халықтың тестілеуге қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді бірінші вице-министр.

 Соңғы 3 айда әуе рейстермен 155 мыңнан астам адам келді, олардың 75-інде ковид анықталды. Көлік өткелдері арқылы 440 мың адам келді, олардың 666-ында коронавирус инфекциясы анықталды.

Оқу жылының басынан 3 658 оқушы КВИ жұқтырған, оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында - 994, қашықтықтан оқитын балалар арасында - 2 664 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 51 126 төсек-орын дайындалған. Өңірлердегі төсек-орынға күнделікті мониторинг қорытындысына сәйкес биыл 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша инфекциялық төсек-орынның 29%  ғана науқас жатыр. Реанимациялық төсек-орынның - 19%  пациент бар.

Сонымен қатар, әкімдіктер өңірлерде карантиндік шаралардың сақталуын бақылауда, карантиндік режимді бұзушылар әлі де бар.

17 тамыздан бастап 60 375 рейд жүргізілді, 267 866 объекті қамтылды, оның ішінде 20504 объекті бұзушылықтармен, 19406 әкімшілік айыппұл салынды. Бұзушылықтың басым бөлігі Түркістан (3603), Алматы (3235), Қостанай (1826), ШығысҚазақстан (1716) облыстарында, Алматы (1708) және Нұр-Сұлтан (1471) қалаларында анықталды.

Бірнеше реет әкімшілік айыппұлдарға қарамастан, кейбір объектілер шектеу және карантин режимінің талаптарын елемей отыр.

Бүгінгі таңда "қасақана бұзушылар" қатарында 254 нысан бар, оның ішінде Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин режимін жүйелі түрде бұзатын 56 нысан, Шымкентте - 47, Қостанай облысында - 25 нысан.

Мұндай объектілер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары әкімшілік материалдарды қызметті тоқтата тұру туралы мәселені шешу үшін сотқа береді.

Сөз соңында Марат Шоранов ел тұрғындарына үндеу жолдап, оларды карантиндік және шектеу шараларын сақтауға шақырды.

«Жаңа жыл – отбасылық мереке. Бұл күні туыстарыңызды, достарыңыз бен таныстарыңызды үйге шақырмаңыздар, бірге тұратын жақын адамдар мен қарсы алуға шақырамын. Алдағы мереке эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының өршуіне әсер етуі мүмкін екенін ұмытпаңыздар. Сондықтан эпиджағдай әрқайсымыздың әрекетімізге тікелей байланысты», - дедіМ.Шоранов.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар