Әлемдегі ең бай екі адам ғарышқа таласуда. Олар жасанды серік флоттары мәселесін АҚШ реттеушілерінің алдында шешіп жатыр.
Жақында ғана ғаламшардағы ең бай адам болған Илон Масктың SpaceX компаниясы Starlink байланыс спутниктерін алғашқы орбитада жоспарлағаннан гөрі төмен орбитада басқаруға АҚШ федералдық байланыс комиссиясынан рұқсат сұрады.
Ал Илон Маскқа дейін әлемдегі ең дәулетті адам болған Джефф Безостың Amazon компаниясының хабарлауынша, бұл Безостың болашаққа жоспарланған Kuiper жер серіктеріне кедергі және соқтығысу қаупін тудырады.
Әдетте нормативтік құжаттармен шектелетін дау бұл жолы көпшіліктің көзіне түсіп, миллиардерлер ғарыштағы армандары үшін бәсекеге түсуде.
"SpaceX ұсынған өзгертулер жасанды серіктік жүйелер арасындағы бәсекелестікті бұзады" делінген Amazon компаниясының ресми Твиттер парақшасында.
"Бәсекелестікті мүмкіндігінше бәсеңдету SpaceX-тің мүддесіне сай. Бірақ бұл әрине, көпшіліктің мүддесіне сәйкес келмейді" деді Джефф Безостың компаниясы әлеуметтік желіде.
Пікір қалдыру