Тез-тез. Кореяның оңтүстік бөлігінде осындай мәдениет қалыптасқан. Бұған жуырда ғана «Седжон-Евразия» халықаралық медициналықклиникасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында көз жетті. Медицина туризмін дамытуүшін Алматы қалалық Денсаулық сақтаубасқармасы Оңтүстік Кореяның 4 жетекшiклиникасымен ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойған. Осы екі жақты келісімаясында алматылық журналистерге ОңтүстікКореяның медицинасының жетістіктеріментанысуға мүмкіндік туды. Қазақстан мен ОңтүстікКорея арасында алғашқы дипломаиялық қарым-қатынас 1991 жылдан бастау алады. Қазір екі ел арасында саяси, экономикалық, мәдени жәнемедицина салаларында ынтымақтастық күшейген.Седжон госпиталі жүрек-қантамырлары орталығы, Сеул әйелдер клиникасы, Хангиль офтольмологиялық клиникасы және Уридиль омыртқа аурулары клиникасыны барып емделген жерлестеріміздің саны жыл сайын артып келеді. «Седжон-Евразия» халықаралық мадициналық клиникасының мәліметінше, 2015 жылы 25 мың қазақстандық Кореяға емделуге барған. Сондай-ақ соңғы бес жылда жағдайы төмен отбасында тұратын науқасы ауыр 4 бала қайырымдылық негізінде тегін емделген.
Бауырлас қалалар арасындағы байланыс медицина саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін тәжірибе алмасуға жол ашпақ. Осы бағыттағы жұмыстарды тереңдету үшін алдағы уақытта Алматыдан Сеулге тәжірибеден өту үшін мамандарды жіберу жоспарланған. Олар медицинада қолданылатын заманауи технологияларды терең меңгеріп, біліктілігін арттырады.
Жалпы, Оңтүстік Кореяда, сөз басында айтқанымыздай, тез-тез деген ұстаным бар. Мұның мақсаты – науқастың диагнозын дер кезінде анықтау. Бұл, біріншіден, науқас дертінің дендеп кетпеуіне сеп болады. Екіншіден, ерте анықталған ауруды емдеу оңайға түседі. Ол науқас үшін ғана емес, дәрігерлер үшін де тиімді. Өйткені, денеге жайылмаған дертті ауыздықтау жеңіл. Сондықтан сырқатты ауыздықтау емнің жартысы дейді оңтүстік кореялық дәрігерлер.
Енді елімізбен серіктес 4 орталықтың жұмысына тоқталсақ. Жүрек-қантамырлары орталығы Кореядағы емдеу шараларын сапалы, жүйелі жүргізетін мекеме. Онда бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен ем қабылдап жатқан адамдар жетерлік. Адам денесінің патшасы жүректі емдеудің ең озық үлгілері халықаралық тәжірибелер қолданылып, жүрекке ашық операция жасалынады.
Сеул әйелдер клиникасының 20 жылдан аса тарихы бар. Онда әйелдерге арналған емнің барлық түрі қарастырылған. Орталықта жылына бала сүйе алмаған 500 отбасы қаралады. Клиника Кенгидо провинциясының батыс бөлігіндегі акушерлік-гинекологиялық бағытта емдеу шараларын жүргізетін жалғыз орталық. Корея денсаулық сақтау министрлігінің халықаралық мәртебесін алған.
Хангиль офтальмологиялық клиникасы Оңтүстік кореяның көз ауруларын емдейтін ең үздік орталық. Орталыққа 2015 жылы 802 шетелдік емделуге келген. Соның 25 пайызы қазақстандықтар. Жаңа технологияның көмегімен науқас бір күнде клиникалық тексеруден өтіп, сол күні науқастың диагнозы қойылады.
Уридиль омыртқа аурулары клиникасы 34 жыл бұрын құрылған. Бүгінде оның әлемнің әр қиырында 13 филиалы жұмыс істейді. Орталықта жылына 5000 ота жасалады. Шетелдік емделушілер үшін тәулік бойы білікті аудармашылар қарастырылған. Алматы қаласынан келген емделуші Хван Николай орталықтың қызмет сапасы туралы айтып берді. «Қазіргі менің науқасыммен егде тартқан адамдардың көбісі ауырады. Жас ұлғайған сайын омыртқа ауырып, отырып-жүрудің өзі қиындық тудырады. Массаж жасаттым, тағы бірқатар ем қабылдап, көп уақыт жоғалттым. Алғашында Ресей дәрігерлеріне емделгім келді, тексеру нәтижелерін жібердім. Олардың маған қойған диагноздары, қарым-қатынастары ұнамады. Одан кейін басқа елдерді қарастырдым. Маған Кореяның реабилитациясы қатты ұнады. Олардың аспа салғандары да бөлек, аспамен аурухананың ішінде қозғалып жүре беруге болады. Бұл дегеніміз жаһандану дәуірінің жетістігі ғой. Әуежайдан күтіп алып, барлық жағдайды жасады. Осы жерге келгенге дейінгі клиникалар омыртқаңда жарық (грыжа) бар деп шығарып салған. Мұнда сенде жарық жоқ, стеноз деген диагноз қойды. Ал бұған ешқандай массаж, дәрі көмектеспейді екен. Жалғыз жол – тек ота жасау. Бағасы да көңілге қонымды, аса қымбат емес. Тексеру нәтижесінде маған екі ота жасау керек болды. Сол екі отаны бір отаның бағасымен жасады. Түсінгенім, мен сияқты ауырған адамдар дәрігерлер диагнозды дұрыс қоймағаннан кейін соның зардабын тартып жүр».
Оңтүстік Кореядағы медициналық мекемелердің 90 пайызы жеке клиникалар. Бірақ олар заң шеңберінде жұмыс істейді және толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. Нарықтық қоғамда өмір сүретін халқы да қызмет көрсету сапасына қарай өздерінің қалауы бойынша жеке клиникаларда емделуге бейімделген. Қызмет сапасы жоғары, емдеу бағасы төмен болғандықтан Орталық Азияның бірқатар елдері осы елдің дәрігерлерінің көмегіне жүгінеді.
Нұрлан Наурызалиев «Қазақстан»
Ұлттық телеарнасының тілшісі
Пікір қалдыру