Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚР үкіметінің қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды" делінген хабарламада.
Ал Ермек Амантайұлы Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.
Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды.
2018-2019 жылдары — Астана қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары — "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ ("Қазақстандық индустрияны дамыту институты") басқарма төрағасы.
2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Пікір қалдыру