Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев 14 ақпанда Instagram парақшасында даладағы шамдардың суреттерін жариялаған.
"Ақпан-2021: нағыз қыс, аяз және қар". Медведев бұдан басқа ештеңе жазбады.
Көпшілік мұны Алексей Навальныйды қолдаудың жасырын түрі деп болжап, "Бұл Алексей Навальныйды қолдаудың жасырын түрі ме?" деп қызығушылық танытты.
Артынша Дмитрий Медведев бұл жазбасымен не айтқысы келгенін түсіндірді.
– Бұл – Навальныйды қолдау емес. Қателесесіздер, бұл нағыз ресейлік қысты, климаттың өзгеруіне қарсы күресті және Гретаны қолдау, – деді Медведев әзілдеп.
Ал кеше бүкіл Ресей бойынша оппозиционердің жақтастары қолына шам ұстап, Навальныйды қолдау шарасын өткізген.
Пікір қалдыру