Алматы қаласының полициясы тауда бейтаныс әйелдің денесі табылғанын айтты. Бұл туралы Qumash Telegram арнасы мәлімдеді.
"23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында түр-келбеті еуропалық 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды" делінген хабарламада.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың бірі таңертең жүгіріп жүргенде байқап, 102 нөміріне хабарласқан. Алдын-ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұсаған.
Пікір қалдыру