Жаңа қаулы. Қазақстанның 6 өңірінде карантин күшейтіледі

/image/2021/03/26/crop-118_7_710x947_b200c0346a6ec3d2.jpeg

Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе,  Қарағанды, Алматы облыстарында карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Тулебаев карантинді күшейтуге қатысты жаңа қаулы шығарды.

"Шымкент қаласының аумағында 29 наурыз сағат 00:00-ден бастап 12 сәуір сағат 00:00-ге дейін карантин шаралары ұзартылсын" делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері 6.00-ден 18.00-ге дейін және демалыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады;
  • шектеу шараларына байланысты меншік нысанына қарамастан барлық ұйым қызметкерлерінің кемінде 30%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады;
  • Дәмхана мен мейрамханалар 50 адамнан көп адамды қабылдамай, 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • Мерекелік іс-шаралар мен отбасылық жиындар, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Қайтыс болған кісіні еске алу іс-шараларын 50 адамнан көп жиналмай өткізуге болады;
  • Спа-орталықтар, сұлулық салондары, шаштараз, монша, сауна 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Нысан тек жартылай толық болуы керек;
  • Сауда ойын-сауық орталығы 9.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады.

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері М.Арыспаев карантин шаралары туралы №8 қаулысына өзгерістер енгізгенін мәлімдеді.

Өзгеріске сай:

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • барлық ойын-сауық объектілерінің (кинотеатрлардың, театрлардың, мәдениет объектілерінің (дайындық), банкет залдарының және ойын алаңдарының, түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, бильярдтың, компьютерлік және ойын клубтарының қызметіне тыйым салынады;
  • жеке кәсіпкерлер қызметкерлерінің кемінде 50%-ын "қашықтан" жұмыс нысанына ауыстыру ұсынылды;
  • ХҚКО жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін істейді;
  • оқушыларды оқытуға рұқсат беріледі;
  • контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытылады;
  • сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытылады;
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Қ. Турдиев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында 19 ақпандағы №4-5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Ол бойынша:

  • контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытылады;
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытылады;
  • жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқиды;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері үшін штаттық оқыту жалғастырылады.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.А. Беркімбаева Ойыл ауданында тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес:

  • конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын- сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік, ас беру және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі тоқтайды;
  • банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
  • бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта оқу ұйымдарындағы асхана жұмысы тоқтайды;
  • театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың жұмысы тоқтайды.

Алматы облысының бас санитар дәрігері А. Чарапиевтың қаулысы 28 наурыз сағат 07:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

  • қоғамдық тамақтану орындарының қызметі тоқтайды;
  • балалар сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтайды;
  • балалар ойнайтын сауда орталықтары мен сауда үйлерінің қызметі тоқтатылады;
  • қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі;
  • қоғамдық көліктердің жұмысы 23:00-ге дейін ұзартылады;
  • кеңестерді бетпе-бет өткізуге тыйым салынады;
  • 65 жастан асқан азаматтар далаға шығуы шектеледі.

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының бас санитар дәрігері Г. Т.Беспаев карантин шараларына қатысты жаңа қаулы жариялады.

Аталған құжатта Абай ауданы аумағында шектеу шараларын қатаңдату туралы бас санитар дәрігердің 17 наурыздағы №236 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған құжатта:

  • көтерме және бөлшек сауда үйлерінің/базарларының жұмысын 09:00-ден 17:00-ге дейін шектей отырып, мереке, демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады;
  • қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы 20:00-ге дейін істейді (сенбі, жексенбі жұмыс істемейді);

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар