Алексей Цой: Вакцинация – вирусты тоқтататын жалғыз жол

/image/2021/03/30/crop-135_11_608x811_og_og_159308965923053284.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қауіпті індетті тоқтатудың жолы екпе салдыру екенін айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Вакцинация вирусты тоқтататын жалғыз жол. Жанама әсерлері жоқ әрбір қазақстандықты вакцина алуға шақырамын. Осылай ғана біз қалыпты өмірге орала аламыз. Вирустың таралуын тоқтату үшін қарапайым сақтық шараларын да сақтау керек.

Коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 131 170 адам екпе қабылдады. 22 ақпаннан бастап вакцинацияның екінші компонентімен 32 482 адам екпе қабылдады, – деді Цой.

Министрдің айтуынша, сәуір айында түрлі өндірушілерден қосымша 2,5 млн доза вакцина жеткізу жоспарлануда.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар