Талғат Жанжүменов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Үкімет қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.
Талғат Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ленин комсомолы атындағы Вольское жоғары әскери тыл училищесін, РФ ҚК Тыл және көлік әскери академиясын, РФ ҚК бас штабының әскери академиясын бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан қарулы күштерінде әскери қызметте бастаған. 2019 жылы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарған.
Пікір қалдыру