Италия ресейлік елшіліктің екі қызметкерін елден шығарып жіберуге бұйрық берді.
Ресей елшілерінің бірі құпия құжаттарды ақшаға сатып беріп жатқан жерінен ұсталған, сондай-ақ италиялық азамат тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынған.
Италия сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо парламенттің халықаралық қатынастар жөніндегі комитеттерінің бірлескен отырысында бұл оқиға "өте ауыр дұшпандық әрекет" деп мәлімдеді.
Италияның Карабиниери әскерилендірілген полициясы фрегат капитаны теңіз офицері қамауға алынғанын хабарлады. Онымен бірге болған Ресей қарулы күштерінің мүшесі де ұсталды, бірақ оның дипломатиялық мәртебесін ескере отырып, бірден қамауға алған жоқ.
Пікір қалдыру