COVID-19. Соңғы тәулікте тағы бір өңір қызыл аймаққа өтті, 26 адам қайтыс болды

/image/2021/04/06/crop-10_2_439x781_photo_357219.jpeg

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтағы өңірлерге Ақмола облысы қосылды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Бүгінге Қазақстанның жеті өңірі "қызыл" аймақта. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары "қызыл" аймақта.

Шымкент қаласы және Қарағанды облысы "сары" аймақта.

Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 1809 жағдай тіркелген. 1122 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықса, 19 адам қайтыс болған.

4 сәуірдегі мәлімет бойынша пневмонияның 7 жаңа жағдайы тіркелген. 7 адам көз жұмып, 171 адам жазылып шыққан. 

6 сәуірдегі мәлімет бойынша, 28 333 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 243 пациент стационарда, 18 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
 
Індетке шалдыққандардың арасында  456 адамның жағдайы ауыр, 132 пациенттің жағдайы өте ауыр,  77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар