Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын азаматтарды ауыр дағдарысқа дайын болуға шақырды. Бұған дейін құқық қорғаушы топтар Пхеньян азық-түлік тапшылығы мен экономикалық тұрақсыздыққа ұшырайды деген ескерту жасаған.
Партия конференциясында сөйлеген Ким Чен Ын бұл жағдайды 1990 жылдардағы атышулы аштықпен салыстырған.
Солтүстік Корея коронавирус пандемиясына байланысты шекараларын жапты.
Бұл Қытаймен сауданы, экономикалық барыс-келісті тоқтатты. Мамандар қазіргі жағдайдың Пхенян үшін салдары ауыр болатынын айтады.
Пікір қалдыру