19 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы қол қойған құжаттар қатарында төмендегідей заңдар бар:
• "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
• "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
• "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы" келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Пікір қалдыру