Қазақстанның бір өңірінде оқушылар қалай оқитыны белгілі болды

/image/2021/05/06/crop-29_16_1033x1377_je6c8020.jpg

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.А.Беркімбаева карантинге байланысты жаңа қаулы жариялады. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес:

  • сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай, контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі форматта оқытылады;
  • жалпы білім беретін мектептерде сыныптағы бала санын 25 адамнан асырмай аралас форматта (пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан) оқуына рұқсат етіледі;
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топтағы адам санын 15-тен асырмай жеке оқытуға рұқсат беріледі;
  • орта және жоғары оқу орындарының I курс студенттері штаттық режимде оқытылады;
  • мектептердегі және оқу орындарындағы асхана жұмысына тыйым салынады.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер Рамазан айында отбасындағы ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашарды өткізуге тыйым салды.

  • Ұлттық құрамалар, клубтық командалардың спорттық жаттығуларына (30 адамнан артық емес) рұқсат беріледі;
  • спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға болады;
  • күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофехананы, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) жұмысына рұқсат беріледі;
  • қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата маска міндетті түрде тағу міндеттеледі;
  • қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайға, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарға, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, аялдама павильондарына, үйлердегі кіреберістер мен лифтілерге, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу күшейтіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар