Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады

/image/2021/05/06/crop-89_11_764x1018_ea288729-2acd-41ec-8a04-6e6b4842762b.jpeg

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес базарларға бірқатар талап қойылды:

  • Сауда объектісінің аумағына маскасыз кіргізілмейді;
  • Объекті әкімшілігі мен жауапты адамдар келушілер мен қызметкерлердің міндетті түрде маска киуін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауын қадағалайды;
  • бутиктердің алдында адамдар көп жиналмас үшін қоршаулар мен тосқауыл таспалар, еден таңбалар, сондай-ақ ирек белгі қойылады;
  • Сауда объектісінің әкімшілігі сатушылар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтайды;
  • Тауар сататын адамдар сауда аймақтарында (бутиктерде) 1 адамға сауда алаңының 4 шаршы метрі есебінен әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Санитарлық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радиотрансляция кемінде 60 минутта 1 рет жүзеге асырылады.

Сауда объектісінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:

  • меншік иесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақытылы ауыстыру, дезинфекциялау, антисептикалық құралдардың болуын қадағалайды;
  • сауда бутиктеріне және кіреберістерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге тиіс;
  • халыққа қызмет маскамен көрсетіледі.

Сауда-ойын кешендеріне және фуд-корттардың қызметіне қойылатын талаптар:

  • Кіреберістегі адамдардың және мекемедегі қызметкерледің дене температурасы тексеріп кіргізіледі;
  • Сауда объектісінің күзет қызметі келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киуін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылайды;
  • Фуд-корттардың толтырылуы әлеуметтік қашықтықты сақталған кезде 1 келушіге 4 ш.м. есебімен қамтамасыз етіледі;
  • адамдар көп жиналатын мәдени-бұқаралық, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар және т.б. өткізуге тыйым салынады;
  • 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, фудкорт аумағына маскасыз кіруге тыйым салынады;
  • Келушілер шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін тиісті жағдай қамтамасыз етіледі.

Театрларға, концерттік ұйымдарға қойылатын талаптар:

  • Ашылу алдында объектіде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмысы жүргізіледі;
  • Дайындық кезінде адамдардың саны кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен залдар бойынша бөлінеді;
  • Объектінің аумағына маскасыз кіруге жол берілмейді;
  • Кіру билеттерін онлайн режимде ала алады;
  • Әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда еденге белгілер орнатылады;
  • Мәдени объектілерге келушілерге бөтелкедегі су мен сусындарды қоспағанда, тамақ өнімдерін сатуға жол берілмейді;
  • Көрермен залының сыйымдылығы 100 отырғызу орнына дейін болатын театрларда 25 көрерменнен асырмай толтыруға жол беріледі;
  • Кіреберісте, холлдарда, фойеде, дәліздерде, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар