Бүгін өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.
Оның мәліметінше, Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткен.
"Бір апта ішінде сырқаттанушылық деңгейі 30%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,84-ке дейін, инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 24%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі 21%-ға дейін төмендеді. "Қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы, "сары аймақта" – 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 10 өңір – "жасыл аймақта". Бүгінгі таңда 2,4 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 1,3 млн-ға жуық адам екінші компонентін алған" делінген ақпараттық хабарламада.
Пікір қалдыру