Алексей Цой вакцина салдырған қазақстандықтар санын айтты

/image/2021/06/10/crop-124_6_507x676_aleksey-tsoy.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаны байқалады. Қазақстан коронавирустың таралу қаупі бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткен.

– Бір апта ішінде сырқаттанушылық деңгейі 30%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,84-ке дейін, инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 24%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі 21%-ға дейін төмендеді.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, "сары" аймақта – 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 10 өңір – "жасыл" аймақта, – деді Цой.

Ол бүгінгі таңда вакцинаның  бірінші компонентін – 2,4 млн-ға жуық адам,  екінші компонентті  – 1,3 млн-ға жуық адам салдырғанын хабарлады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар