"Өз денсаулығына қауіп төндіреді". Алексей Цой мәлімдеме жасады

/image/2021/06/18/crop-2_133_1116x1983_36176146_2090652690973653_2801081566262984704_n.jpg
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
 
Министр мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер мен 185 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ ол елде күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалатынын, 1 мыңнан астам әйел босанатынын, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және 18 мың жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсетілетінін атап өтті.
 
Айтуынша, Қазақстанда жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі ұлғайып, жаңа перинаталдық орталықтар салыныпжатыр. Инновациялық әзірлемелер енгізілуде. Бұл – сирек кездесетін және күрделі ауруларға сәтті диагноз қойып, емдеуге мүмкіндік берген.
 
– Біз ең маңызды екі көрсеткіштің жақсарғанын байқаймыз – өмір сүру ұзақтығы артып, туу көрсеткіші өсуде. Осы жетістіктердің әрқайсысының артында, әрине, сіздің үлкен еңбегіңіз, яғни медицина қызметкерлері, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын түрлі мамандықтағы адамдар тұр. Пандемия бізді көптеген құндылықтарды қайта қарауға мәжбүр етті, әсіресе Ақ халаттағы адамдарға деген көзқарасты өзгертті. Олар екі жыл бойы көрінбейтін жаумен күреседі, әр науқастың өмірін сақтау үшін өз денсаулығына қауіп төндіреді. Ауру және сауыққандардың бірыңғай сандарының артында пандемиямен күресте мыңдаған медицина қызметкерлерінің қажырлы және батырлық еңбегі жатыр. Біздің барлық медицина қызметкерлерімізге олардың қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Құрметті дәрігерлер, фельдшерлер, мейіргерлер, кіші медициналық қызметкерлер, сіздер өз мамандықтарына адал жүректеріңіз бен жан – дүниелеріңізді беріп жұмыс істейсіздер. Сала ардагерлеріне ерекше алғыс сөздер айтылды. Сіздің тәжірибеңіз дәстүрді сақтауға көмектеседі және мамандардың жаңа буынына үлгі болады. Құрметті әріптестер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын және Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, татулық тілеймін!, – деді министр facebook парақшасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар