Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады

/image/2021/07/01/crop-80_8_774x1033_601a856320b25878593494.jpg

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады

Қаулы 2 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Төменде көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеуден өтуі қажет:

  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, ломбардтар;

  • сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

  • СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар;

  • тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері;

  • адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер;

  •  

    халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметкерлері; 

  • мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары) қызметкерлері; 

  • қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар; 

  • жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметкерлері; 

  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары; 

  • санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер; 

  • қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтар қызметкерлері; 

  • барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары); 

  • денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар, дәріхана қызметкерлері; 

  • компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар