Қазгидромет шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мекеме мәліметінше, шілде айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, елдің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде.
Ай бойы Қазақстан аумағы бойынша ауа райының антициклоналды түрі басым болады деп болжанады, ыстық және жауын-шашын аз болуы мүмкін, тек жекелеген күндері циклондардың өтуімен қысқа мерзімді жазғы жаңбыр жаууы ықтимал. Желдің 15-25 м/с-қа күшеюі болжанады.
Республиканың батысында шілде айының бірінші он күндігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнгі сағаттарда термометр бағаныы +19+28°С-тан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38°С, оңтүстік-батыста +41°С-тан +24+32°С-қа дейін болады.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы келесі шекте сақталады: түнде +15+25°С, күндіз +33+38°С, кей жерлерде +41°С; елдің оңтүстігінде түнде +20+30°С, күндіз +37+45°С, таулы аудандарда +30°С, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасының 10-15°С төмендеуі болжанады.
Ыстық ауа райы ҚР шығысына жетеді ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +33+41°С-қа дейін жоғарылайды, онкүндіктің соңында ауа температураның 7-10°С-қа төмендеуі болжанады.
Шілде айының екінші онкүндігінің басында алдымен ҚР батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы болжанады, онкүндіктің ортасынан кейін республиканың барлық аумағында температуралық фонның жоғарылауы болжанады.
Батыста және солтүстік-батыста: түнде +22+30°С-қа дейін, күндіз +33+43°С-қа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде +15+23°С-қа дейін, күндіз +28+39°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде +18+27°С-қа дейін, күндіз +35+43°С-қа дейін барады деп күтілуде.
Үшінші онкүндікте елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде +10+17°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +22+33°С-тан +30+38°С-қа дейін, солтүстік жартысында түнде +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +18+26°С-тан +26+33°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Пікір қалдыру