“iPhone12 телефонын ұтып алды“ . Нұр-Сұлтан әкімдігі вакцина салдырғандар арасында ұтыс өткізді

/image/2021/07/11/crop-72_-3_848x1131_192b5baa-53ac-45a7-8057-e321f472d8eb.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласының COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинацияланған екі тұрғыны iPhone12 телефонын ұтып алды. Бұл туралы astana.gov.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, елорда әкімдігі COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинацияланғандар арасында iPhone12 телефонының екі данасыны, сол сияқты түрлі демеушілер сыйлықтарының ұтыс ойнын өткізген.

"Бірінші ұтыс ойнына вакцинация басталған сәттен бастап 6 шілдеге дейін екпе салдырғандар қатысты. Оның барысында 259 мың 115 адам вакцина салдырды.

Елорда әкімдігі жаздың соңына дейін апта сайын iPhone12 телефонының екі данасын ұтысқа қояды. Осылайша жалпы саны 20 iPhone смартфоны ұтысқа қойылады" делінген хабарламада.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылып жатыр.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұтысқа екі бөлмелі пәтер қойылғанын хабарлаған. Оған осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Аталған ұтыс ойнына барлық сауда үйлері мен медициналық мекемелерде вакцина салдырғандар қатысады. Әкімдік ұтыс ойны демеушілердің көмегімен жүргізілетінін айтады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар