Қазақстанның 13 өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.
Алматы және Жамбыл облыстары "сары" аймақта.
Ал қалған Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта тұр.
Пікір қалдыру