"Қолымнан келеді". Елена Рыбакина бүгінгі және алдағы матч туралы айтып берді

/image/2021/07/28/crop-37_107_1040x1848_1627464355.jpg

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио олимпиадасында ширек финалда испандық Гарбинье Мугурусаны жеңіп, жартылай финалға шықты. Осы орайда, теннисші бүгінгі матчты туралы ойын бөлісті, деп жазады Olympic.kz сайты. 

– Менің бүгінгі қарсыласым өте тәжірибелі. Сондықтан матч қиын өтті. Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым. Алдыңғы матчтарда жоқ жерден қателесіп, керек емес жерде ұпай жоғалттым. Бүгінгі ойында сол қателіктерді жібермеуге тырыстым.

Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым. Сол себепті, бүгінгі жеңісім үшін өте қуаныштымын. Жартылай финалдағы қарсыласыммен бұрын ойнап көрмегем. Тек жаттығу кездерінде ғана жолымыз түйісіпті.

Алдағы ойын да оңай болмайды. Допты ойынға сәтті қосу арқылы ұпай жинауға тырысамын. Себебі, бұл менің қолымнан келеді, – деді Рыбакина.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар