Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды. Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова facebook парақшасында хабарлады.
"Тоқтар Әубәкіровке хабарласқанымда, Ковид жұқтырғанын айтты. Ол жеті күннен бері ауырып жатыр екен. Осы уақытқа дейін дәрігерлер тек қан анализін алған, басқа ештеңе істемепті. Ол маған "Қазір үйдемін, ештеңе жазып бермеді. Ең болмаса қалай емделу керектігін де айтпады. Бірде-бір сұрағыма тұщымды жауап алмадым. Бүгін баспасөз мәслихатын өткіземін деген де ғана қимылдай бастады. Қазір жедел жәрдем келе жатыр. Ковид ауруханасына әкететін шығар" деді ол.
"Бұл жазбаны жазып жатқанда жедел жәрдем Тоқтар Оңғарбайұлының үйіне жақындап қалған. Сосын кейін хабарласамын дедік" деп жазады Жұмабике Жүнісова.
Пікір қалдыру