ШҚО-да екі ауданның жері өртеніп жатыр

/image/2021/08/24/crop-140_11_697x929_1.jpg

Шығыс Қазақстан облысындағы Көкпекті және Аягөз аудандарында кеше шыққан дала өрті әлі сөнбей жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкпекті ауданындағы "Ключи" учаскесінде қызыл жалынның жалпы ауданы 45 гектарды, Аягөз ауданындағы Қара Божыр учаскесінде 25 гектарды және Үмбетай учаскесінде 10 гектарды құраған.

Оқиға орнында барлығы 88 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органның 92 қызметкері, 10 орманшы және 27 техника жұмылдырылған. 

"Десе де 200 қызметкер өрттің бетін қайтара алмай жатыр, оған қатты жел және арнайы техниканың қозғалысына жолсыз жер кедергі келтіріп жатыр" дейді департаменттегілер.



 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар