Коронавирус. Тағы 150-ден астам адам қайтыс болды

/image/2021/08/25/crop-142_7_538x717_8a837a08-1b60-4452-9715-474cce358dad.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 24 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 6040 адамнан коронавирус, 428 адамнан пневмония анықталған. 23 тамызда 131 адам коронавирустан, 26 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 754 891-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 68 298.

25 тамыздағы мәлімет бойынша, 120 864 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 27 666 пациент стационарда, 93 198 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1832 адамның жағдайы ауыр, 550 пациенттің жағдайы өте ауыр, 262 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

25 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 448 802 адам, 2-компонентін 5 123 033 адам салдырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар