"ЕО ересек тұрғындарының 70 пайызы Ковид-19-ға қарсы вакцина салдырды" деп хабарлады 27 ел мүше одақ президенті Урсула фон дер Лейен.
ЕО өз халқының 70 пайызын "жаздың соңына дейін" вакцинациялауды мақсат етіп қойған болатын. ЕО-ның вакцинациялауы баяу қарқынмен басталғанымен, одақ шілдеде өз азаматтарының 70 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алғанын айтты.
Вон дер Лейен ханым әлеуметтік желілерде таратылған бейнехабарламада "бүгін біз вакцинациялау науқанының маңызды кезеңіне жеттік" деді.
"ЕО-дағы ересектердің 70 пайызы қазір толық вакцинацияланған, бұл 250 миллион адамның толық иммунизацияланғанын білдіреді. Бұл – үлкен жетістік " деді ол.
Пікір қалдыру