Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында карантин шараларына өзгеріс енгізілді.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 17 қыркүйекте карантин шараларын шектеуге қатысты жаңа қаулы жариялады.
Қаулыға сәйкес:
- қызметкерлер мен келушілерде "жасыл" мәртебе болған жағдайда демалыс күндері барлық "Ashyq" обьектілерне сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" көшбасшыларына сағат 02:00 дейін, мекемеге кіруге рұхсат етіледі.
- қоғамдық көлікте карантиндік шектеу шаралары қатаң сақталуы тиіс;
- маскасыз жолаушыларға қоғамдық көлікке кіріуге тыйым салынады;
- адам көп жиналатын іс-шаралардың өтуіне тыйым салынады.
Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н. Беркімбаеваның қаулысына сай төмендегідей шектеу шаралары қабылданады.
- қоғамдық көлікте жолаушыларға қолжетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлер орнатылуға тиіс; жолаушылар, жүргізушілер және кондукторлар маска режимін міндетті түрде сақтауы керек; қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.
- ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру