Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады

/image/2021/09/25/crop-123_11_756x1008_f7561aa2-0394-40e3-a59f-7799ec625003.webp

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының алдын-алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес аталған объектілер "Ashyq" жобасымен жұмыс жасауды жалғастыруы тиіс:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары, спа-орталықтары, моншалар, сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік, боулинг клубтары;
  •  кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар;
  • стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  •  бильярд клубтары, концерт залдары;
  • караоке, көрмелер, океанариум, марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • әуежайлар;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  •  балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары, темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  •  (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері,  сауда желілері;
    сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
  • діни объектілер. 

Осы қаулы 2021 жылғы 24 қыркүйекте сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар