Ақтауда "Aktau Plaza" тұрғын үй кешеніндегі лифт бірінші қабаттан төмен қарай құлап кеткен. Бұл туралы ЛАДА.kz сайты хабарлады.
Оқиға куәгерлері 17 шағынаудан тұрғындары лифт ішінде жас аналар мен балалар болғанын айтады. Олардың сөзінше, мұндай жағдай бұрын да болған.
Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйді салған құрылыс компаниясы жағдайдан хабардар. Алайда ешқандай шара қолданбай келеді.
Азаматтар сондай-ақ үйлеріне газ тартылмағанын жеткізді.
Пікір қалдыру