Әл-Жазира Қытай әуе армиясының неге дайындалып жатқанын хабарлады

/image/2021/09/27/crop-8_4_646x1267_maxresdefault.jpeg

Қытайдың әскери күштері осы аптада елдегі ең ірі әуе шоу өткізіп, ең озық қару-жарақтарын көрсетпек. Бұл туралы Әл-Жазира телеарнасы хабарлады.

"Airshow China" әскери шоуы пандемия салдарынан бір жылға кешіктірілген. Енді ол сейсенбіде Қытайдың Чжухай қаласында ашылады.

Қытайдың мемлекеттік "Global Times" газеті әуе күштерінің ең озық истребителі "J-20" қатысатын "таңғажайып ұшулар" болатынын хабарлады.

"J-16D" электронды соғыс ұшақтарын, "WZ-7" жоғары биіктікке ұшатын дронды және "WZ-8" жоғары жылдамдықтағы дронды қоса алғанда, басқа да жетілдірілген ұшақтар бірінші рет ашық көрме алаңында көрсетілетіні айтылды.

Бұл әскери шоу Тынық мұхиты аймағындағы стратегиялық бәсекелестік күшейіп жатқан кезде өткізілмек.

Жақында Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Австралия  үш жақты "Aukus" қауіпсіздік келісімін жариялады. Келісім бойынша, Австралияға атомдық сүңгуір кемелері беріледі. Бұл келісім Австралияны әлем бойынша атомдық сүңгуір кемелері бар жетінші елге айналдырады.

"Aukus" келісіміне сәйкес, одақтастар кибер мүмкіндіктерін, жасанды интеллект және басқа да теңіз асты технологияларын өзара бөліседі. Келісімге қол қойылғаннан кейін Қытайдың мемлекеттік газеті Австралия Бейжіңнің ядролық соққысының нысанасына айналуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Ал өткен жұмада АҚШ, Австралия, Жапония және Үндістанды қамтыған төрттік елдері басшылары Ақ үйде жеке кездесті.

Төрттіктің кездесуі даулы Оңтүстік Қытай теңізі мен Тайваньға қатысты күшейе түскен Қытайдың ықпалына қарсы әрекет ретінде қарастырылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар