"7 саны киелі". Экс-министр қазіргі министрдің жұмысын сынады

/image/2021/09/27/crop-9_1_648x1060_111940244400.png

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа телефон коды "+997" болып белгіленгенін хабарлаған болатын. Ал, бұл туралы 1999–2001 жылдар аралығында Қазақстан Көлік, телекоммуникация және туризм (кейіннен Көлік және коммуникация) министрі болған Серік Бүркітбаев "7 саны киелі" екенін айтады. Экс-министр бұл ойын кәсіпкер Арманжан Байтасовтың Youtube арнасына берген сұхбатында жеткізді.

21 қыркүйекте Министр Бағдат Мусин "БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа "+997" дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады. Кезінде КСРО тарағанда, "+7" халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын" деп мәлімдеген.

Мусиннің жаңа дэф код туралы жаңалығын  экс-министр Серік Бүркітбаев сынады. 

Экс-министр қазіргі министрдің ешқандай америка ашпағанын, қазіргі дэф кодқа өзінің де тікелей қатысы бар екенін айтты.

Бүркітбаев 1999 жылы бұл мәселемен жеке өзі айналысқанын және  Қазақстанды "+7" аймағында ұстау үшін күрескенін, Қазақстанға "+77" екі таңбалы телефон кодын белгілеткенін жеткізді. 

Экс-министрдің сөзінше, кодтағы бірінші сан елдің атын емес, абоненттің географиялық орнын білдіреді. Ол "+7" Орталық Еуразияның географиялық коды екенін жеткізді. Бұрынғы Кеңес Одағындағы барлық республикаларда алғашында "+7" коды болғанын, қазіргі уақытта тек Ресей мен Қазақстан ғана қалғанын айтты. Өзге посткеңестік елдердің басқа кодқа ауысқанын жеткізді.

–Ал біз үшін киелі "7" санын сақтап қалуға мен өзім көп күш салдым. Көрші мемлекетпен келіссөз жүргізіп, ресейлік серіктестер бізге жеңілдіктер жасауға келісті, ал біз Ресеймен бірге "+7" санын сақтап қалдық,– дейді экс-министр.

Бүркітбаевтің айтуынша Қазақстаннан шетелге қоңырау шалғанда "Ресей" деген белгі пайда болса, бұл биліктің немқұрайлығын білдіреді. Ол бұл кемшілікті түзету қиын шаруа емес екенін айтады.

–Біз ресейліктерге қаржы жағынан шығынға болса да "3" санын "7"-ге ауыстыруға дайын екенімізді айттық. Бірақ жұмыс біз ойлағаннан қиын болды. Себебі қазіргі заманғы цифрлық мүмкіндіктер әлдеқайда аз болды және белді ұйымдармен елшіліктерге хат жолдап, бұдан былай Қазақстанның телефон коды "+77" ден басталатынын бәріне хабарладық. "+77" коды әдейі таңдалды, себебі түркілер мен Қазақтар үшін "7" саны киелі. Наным, сенімнен бөлек, "7" санына қатысты үлкен жоспарларымыз болды,– дейді Бүркітбаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар