Корея республикасының Чонджоу қаласында екі қазақстандық өзара жанжалдасып, салдарынан біреуі көз жұмды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
– 2021 жылғы 12 қазанда Чонджу қаласында (Корея Республикасы) Қазақстанның екі азаматы арасында болған тұрмыстық жанжалдың салдарынан біреуі пышақ жарақатын алып, соңынан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта кісі өлтірді деген күдікті Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Сеулдегі ҚР елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның денесін Қазақстанға жіберу мәселесін шешіп жатыр, – деп мәлім етті Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, аталған қазақстандық азаматтар Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген.
Пікір қалдыру