Солтүстік Корея Шығыс теңізге қарай баллистикалық зымыран ұшырды

/image/2021/10/19/crop-3_5_272x484_aen20211019002953325_01_i_p4.jpg

Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Корея Шығыс теңізге қарай баллистикалық зымыран жібергенін хабарлады. Бұл жағдай Сеул, Вашингтон және Токмо Пхеньянға байланысты келіссөзді жандандырған кезде болып отыр, деп жазады en.yna.co.kr сайты.

Штаб басшылары комитеті бірлестігінің дерегінше, зымыран оңтүстік Хамген провинциясындағы Синпо елдімекенінен ұшып шыққан. Әзірге тек зымыран 10:17-де ұшырылғаны туралы ғана ақпарат бар.

 

"Оңтүстік Корея мен АҚШ барлау органдары қазіргі уақытта қосымша ақпараттарды жіті тексеріп жатыр" делінген бірлестік мәлімдемесінде.

Солтүстік Кореяның жыл басынан бері сегізінші рет осылай сынақ өткізіп отыр. Бұған дейін 28 қыркүйекте ол дыбыстан жылдам Hwasong-8 зымыранын сынақтан өткізген. Сықан Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония өкілдері Вашингтонда Солтүстік Корея мәселесі бойынша жиналған кезде ұйымдастырылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар