Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады

/image/2021/10/21/crop-90_9_775x1034_784512.jpeg

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының алдын-алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сайкес, елдегі облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру тапсырылды. 

Сондай-ақ 2021 жылғы 1 қарашаға дейін "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакцинасын қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылуға тиіс.

Әдістемелік ұсынымдарды КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге тартылған барлық медицина қызметкерлерінің назарына жеткізе отырып, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде жұмыс топтары құрылуы керек;

• Медициналық ұйымдар үшін «Комирнати» вакцинасын сақтау және пайдалану мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді дайындау қамтамасыз етілуі керек.

Қаулы 21 қазаннан бастап қолданысқа енеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар