Алматы "қызыл" аймақтан шықты

/image/2021/10/25/crop-21_2_145x194_055.jpg

Алматы қаласы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақтан шығып, "сары" аймаққа ауысты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймақта.

"Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта орналасқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар