"Жұмысты жандандыруды тапсырамын". Аймағамбетов мәлімдеме жасады

/image/2021/10/26/crop-94_26_810x1079_745.jpeg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында мектеп кітапханаларында ғылыми фантастика жанрына көбірек көңіл бөлуды тапсырды.

Министр мектептердегі көркем әдебиет қорын әрі қарай ұлғайта түсуді және оны сатып алу бойынша артта қалып келе жатқан өңірлерде жұмысты жандандыруды тапсырды.

– Тек бір жыл ішінде 2,5 миллионнан астам жаңа көркем әдебиет сатып алынып, тиісті мектептерге жеткізілді. Бұл өте маңызды жұмыс. Сондықтан бұл жұмысты біз міндетті түрде жалғастыруымыз керек. Көркем әдебиет қоры әрі қарай да ұлғайтылады. Бұған дейін мектеп кітапханаларында қазақ тіліндегі көркем әдебиеттің өте аз екенін айтып келдік. Өздеріңіз көріп отырғандай, енді көлемі ұлғайды. Бірақ "мемлекеттік тілде" дегеніміз олардың барлығы қазақ авторларына тиесілі деген сөз емес. Негізінен дүние жүзі әдебиетінің туындылары қазақ тіліне аударылған. Бұдан өзге Түркістан, Қызылорда және Алматы қалаларында осы бағыт бойынша жұмыстарды жандандыра түсу қажет, – деді ол. 

Аймағамбетов сондай-ақ мектептерде күн сайын кітап оқуға жиырма минут жұмсауды тапсырды. 

– Мен әртүрлі кітапхананы аралап, қарап жүрмін. Әрине, біраз серпіліс бар. Осы жұмысты әрі қарай да жалғастырып, келесі жылғы бюджетте ескеру керек. Ғылыми фантастика жанры, әсіресе, балалардың қиялын дамыту және креативті ойлауын дамытуға көңіл бөлгеніміз жөн. Классикалық әдебиеттер де болуы керек. Қазіргі уақытта оқушылардың өзі сүйіп оқитын кітаптарды тізімге енгізіп, оқулық орталығы тиісті жұмыстарды жалғастыруы тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар