Денсаулық сақтау министрлігі 1 қараша күнгі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты таратты.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1181 адамнан коронавирус, 7 адамнан пневмония анықталған. 19 адам коронавирустан, 6 адам пневмонияядан көз жұмған.
2 қарашадағы мәлімет бойынша, 45 777 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 268 пациент стационарда, 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 540 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2 қарашадағы мәлімет бойынша елде 8 320 106 адам вакцинаның I компонентін, 7 527 397 адам II компонентін салдырған.
Елде коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді. Бүгінде 4 өңір "қызыл" аймақта. Олардың қатарында Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймақта. Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "Жасыл" аймақта.
Пікір қалдыру