Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

/uploads/thumbnail/20170708195420047_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария еткен болатын. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

***

Әлемнің әміршісі - еңбек.

Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады,

бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.

Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ағайын!

 

Әлеуметтік жаңғыртудың жаһандық тренді

Қазақстан 20 жылдық шепті еңсерді.

Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.

Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар.

Осының барлығы мемлекеттен ке­сім­ді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселе­лер­ді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұ­рақты түрде қайта оралуыма тура келеді.

Менің назарымдағы басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көр­сету.

Және бұл қажеттілік болып табылады, өйткені, әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзін өзі сезінулері тәуелді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан­да әлеу­меттік мемлекеттің берік іргетасы қаланды.

Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне нақты жақындады.

Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалып­тары тұрақты жоғарылауда. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игі­лік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.

27 қаңтарда мен Парламентте «Әлеу­мет­тік-экономикалық жаңғырту - Қа­зақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауымды жарияладым.

Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуы­ның өмірлік маңызы бар. Мен әлеу­меттік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін.

Жолдау-2012-де мен Үкіметке нақты тапсырмалар бердім, - және мемлекеттік механизм жұмыс істеп берді.

Алайда, мен Жолдауымның орындалу қарқыны мен сапасына қанағат­тан­баймын.

Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды.

Ал бұл, өз кезегінде, жаһандық дау­ыл­дарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұ­рақ­сыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағ­дайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді.

Біздің жүзеге асырылмаған резерв­теріміз бен мүмкіндіктеріміз неде? Әлеу­мет­тік саясат орнықты, жасампаз болуы үшін тағы не істеу керек?

Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұ­тыну­шы­лық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі.

Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады.

Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады.

Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады.

Бұл жерде ешқандай өзіндік идеология ойлап шығарылмайды.

Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық эконо­ми­калық және мәдени байлықтарвиртуалды қаржы институттарымен емес, адам­ның еңбегімен жасалады.

Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған.

Бұл - практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тіпті етене жақын, өйткені, мен қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретінде бас­тадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсіп болып табылады!

Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес.

Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағ­дайын­дағы шешуші ұлттық фактор ре­тін­де, жаһандық бәсекелестік жағдай­ын­да, -алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс.

Бұл туралы жақында ғана мен Тараз­да, Өскеменде, басқа да өңірлерде кездескен қарапайым қазақстандықтар айтады.

Еңбек адамының беделін көтеру қа­жет­тігі туралы осы идеяларды мен қа­зақ­стандықтардың хаттарынан, сон­дай-ақ әлеуметтік жаңғырту міндеттеріне екпін түсірілетін менің Жолдауым мен Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөздеріме Қазақстанның барлық бұрыштарынан келген үнқа­ту­лардан оқып жүрмін.

Қазақстан қоғамындағы лайықты еңбек тақырыбы кең көлемді пікірталас пен қолдау туғызды десем, артық айтқан­дық емес.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар