Жаңғырту үдерістерінде тәуекел бар ма?

/uploads/thumbnail/20170708195420741_small.jpg

Әлеуметтік жаңғырту бүгінде ық­ти­мал сынақтар мен тәуекелдер туралы анық түсінік болуын талап етеді. Және мұны тек барлық деңгейдегі мемлекеттік қызмет­ші­лер ғана емес, сондай-ақ әлеу­меттік жаң­ғыртулар бағытталып отырған бүкіл қоғам, барша халық түсінуге тиіс. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бірінші. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін ескеруіміз қажет.

Жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның жаңа жүйелері, орта тапты дамыту, әлеуметтік кепілдемелерді ке­ңей­ту қазақстандықтар санасында үлкен өзгерістер қалыптастыруы тиіс. Ал бұл әлеуметтік қатынастың барлық жүйесін дер кезінде түзетуді талап ететін болады.

Екінші. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері азаматтар белсенділігінің күшеюімен, олар­дың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адам­дар­дың өзінің құқықтары мен бостан­дық­тарын белсенді қорғауға деген ұмты­лыс­тары кеңейіп, қоғамның өзін өзі ұйым­дастыру дәрежесі жоғарылайтын болады.

Үшінші. Қазақстанда мемлекет - әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бастамашысы және басты қозғаушы күші.

Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет - шетсіз-шек­сіз донор емес, азаматтар әл-ауқа­ты­ның өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды.

Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске ба­ғытымен құрылады.

Бұл масылдыққа жол жоқ дегенді білдіреді.

Тек осындай жағдайда ғана Қазақ­стан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады.

Төртінші. Әлеуметтік жаңғырту жо­лындағы айтарлықтай кедергі әлеу­мет­тік инфантилизм секілді кең тараған құбылыс болып табылады.

Оның негізінде 90-шы жылдардағы «жабайы капитализмнің» өтпелі бастап­қы кезеңінде «жабысқан» еңбекке өңі айналдырылған, теріс көзқарас жатыр.

Бұл игілікке жетудің алдамшы формуласы - «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» және тағы басқаларды абсолютке көтерді.

Әлеуметтік инфантилизммен зорай­тыл­ған дөрекі тоғышарлық жаңғыр­ту­дың тежегіші болуға қабілетті.

Бесінші. Қазақстандағы әлеуметтік жаң­ғырту БЭК шеңберіндегі инте­гра­циялық үдерістер аясында жүруде.

Қазақстан тәуелсіз даму жылдарында әлеу­мет­тік саланы реформалаудың бірқатар параметрлері бо­йынша ТМД елдерінің алдын орап, өз әріп­тес­терінен ілгері озып кетті. Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты.

Біз көп жағдайда масылдық деңгейін төмендеттік. Сондықтан Қазақстанға, әлеуметтік реформалардың көшбасшысы ретінде, өзіне бастамашылдық алып, біздің еуразиялық интеграция бойынша барлық әріптестеріміз үшін тартымды болып табылатын әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды.

Жаңғырту саясатын құруда барлық сын-қа­тер­лер­ді жай ғана есепке алып қоймай, жағдайды оңға қарай өзгерту бойынша шаралар қабылдау маңызды.

Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзінен: мен бірінші кезекте өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім? - деп сұрауы тиіс.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар