Алматы қаласында жастаршығармашылығын қолдауға бағытталған JAS GALA фестивалі өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыныңқолдауымен және «Алматы студенттерАльянсы» корпоративтік қорыныңұйымдастыруымен өткен байқау биыл қалажастары үшін ірі шығармашылық алаңдардыңбіріне айналды.
2026 жылғы 23 мамырда теңіз деңгейінен1000 метр биіктікте орналасқан халықаралық«Сункар» шаңғы трамплиндері кешеніндефестивальдің финалы мен салтанаттымарапаттау рәсімі өтті.
JAS GALA шығармашылық байқауы 2026 жылғы 31 наурызда басталып, таланттыжастардың кәсіби дамуына, шығармашылықәлеуетін арттыруға және мәдени-руханиқұндылықтарды насихаттауға бағытталды. Фестиваль вокал, хореография, театр, аспаптық орындау және мобилографиябағыттары бойынша өтті. Байқау жоғары оқуорындары ішіндегі және қалалық кезеңдердіқамтыды. Жалпы жобаға Алматы қаласындағы26 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
«Бүгінгі жастар – елдің болашағы ғанаемес, қазіргі қоғамның қозғаушы күші. Сіздердің өнерге, шығармашылыққа жәнежаңа идеяларға деген ұмтылыстарыңызАлматы жастарының деңгейін жаңабелеске көтеруде. Мұндай алаңдарталантты жастарды біріктіріп, өзқабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Бастапқыда шағын жоба болған бастамабүгінде шамамен 5000 студенттібіріктірген ауқымды фестивальгеайналды. Барша қатысушыларға табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілеймін. Лайықты марапаттарыңызбенқұттықтаймын!», – деді Алматы қаласыЖастар саясаты басқармасының басшысыАзиз Кажденбек.
Байқаудың барлық кезеңіндеқатысушыларды Қазақстанның танымалмәдениет және өнер қайраткерлері бағалады. Олардың қатарында Айжан Нұрмағамбетова, Болат Әбілманов, Асет Иманғали, БайғалиЕсенәлиев және басқа да сарапшылар бар. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрады. Жеңімпаздарға ақшалайсыйлықтар, ал арнайы номинация иелерінебағалы сыйлықтар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
— «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иегері Narxoz University студенті МархаенМанус болды;
— «Хореография» номинациясында Қазақұлттық қыздар педагогикалық университетінің«Primerose» ұжымы үздік деп танылды;
— «Театр» бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «БІЗ» студенттік театры жеңіске жетті;
— «Мобилография» номинациясындаҚазақ ұлттық қыздар педагогикалықуниверситетінің студенті Өмірзақ Ғайни біріншіорынды иеленді.
«Фестиваль барысында жастардыңшығармашылық ізденістері, сахналықмәдениетінің жоғары деңгейі және өнергедеген шынайы қызығушылығы айқынкөрінді. JAS GALA-ның тек байқау ғанаемес, талантты жастарды біріктіретінірі мәдени платформаға айналып кележатқанына қуаныштымыз», – деп атап өттіұйымдастырушылар.