Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы және қалалық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Іскер қала» бағдарламасы мен АӨК мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті.
Семинарда қала шегінде бақша құлпынайының (Fragaria x ananassa) интеграцияланған өндірісінің «инновациялық әдістері» жобасы практикалық негізде көрсетілді.
Бұл жоба қала халқын құлпынай өнімдерімен қамтамасыз етіп, үй іргелік жерлерді игеріп, қала халқының табысын арттыру мақсатында қолға алынды.
Биыл алғаш рет 0,5 га жерге ғылым мен техникалық жетістіктерді қолдану арқылы «Альба» және «Клири» сұрыптары егілген. Қазіргі уақытта құлпынай өнімдерінің 70-90% жеке қосалқы шаруашылықтарда егіледі. Алайда, заманауи технологияларды қолдану мүмкін болмауына байланысты өнімділік төмен және тек маусым аралық мерзімде ғана өсіріледі. Қазақстан бойынша құлпынай бизнесі дамымаған. Нарықта негізінен Түркиядан әкелінетін импорттық құлпынайлар сауда сөрелерінен табылады.
Мамандар қазіргі уақытта жидек дақылдарының, оның ішінде бақша құлпынайының ассортиментін кеңейту және өнімділігін арттыру проблемасы өте өткір екенін айтады. Сондықтан осы жобаны жүзеге асыру арқылы қала халқын отандық өніммен қамту мүмкіндігі артпақ. Жоба нәтижелері қаладағы фермерлік шаруашылықтарда енгізілетін болады.
Пікір қалдыру