Алматы облысы Талғар қаласындағы балабақшада абайсызда 4 жасар қыз қайтыс болды. Қаралы хабар kris_p_talgar Instagram парақшасында жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні қаладағы балабақшалардың бірінде болған.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама барысында баланың тамағынан қатты пластмасс зат табылғанын анықтады.
Іс қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі (абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелді.
Пікір қалдыру