Денсаулық сақтау министрлігі 28 қараша күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 795 адамнан коронавирус, 10 адамнан пневмония анықталған. 27 қарашада 11 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.
29 қарашадағы мәлімет бойынша, 26 991 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 809 пациент стационарда, 21 182 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 396 адамның жағдайы ауыр, 119 пациенттің жағдайы өте ауыр, 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы ғана Қызыл" аймақта.
Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
27 қарашадағы мәлімет бойынша 8 718 613 адам вакцинаның I компонентін, 8 058 293 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру